Басты Мәзір

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрметті демалысқа түрлі жылдарда шыққан әскери қызметкерлердің зейнетақы мөлшерінде айырмашылықтар бар. Зейнетақымен қамтамасыз етуді модернизациялау аясында әскерилер мен күш құрылымдары толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге өтеді. Аталған шара 1998 жылға дейін кем дегенде 10 жыл еңбек сіңірген күш құрылымдарының қызметкерлері үшін зейнетақы мөлшерін ұлғайтуды мақсат етеді.

Бүгінгі таңда құрметті демалысқа әртүрлі жылдарда шыққан әскери қызметкерлердің зейнетақы мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық бар:

-1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кем дегенде 10 жыл қызмет атқарған күш құрылымдарының қызметкерлері бюджет қаржысы есебінен толық көлемде зейнетақы төлемін алады. Сонымен қоса олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып табылады;

-1998 жылғы 1 қаңтарға дейін 10 жылдан кем қызмет атқарған күш құрылымдарының қызметкерлері бюджеттен толық көлемде зейнетақы алуға құқылы емес. Осы орайда олардың БҰЗҚ-ндағы есепшоттарына мемлекеттік бюджет есебінен қызметкердің кірісінің 20%-ы көлемінде міндетті зейнетақы жарнасы түсіп отырады (бұл ретте БҰЗҚ-ның басқа салымшылары кірістің 10%-ы мөлшерінде міндетті зейнетақылық жарна аударып отыраға тиіс).

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген мерзімі болған-болмағандығына қарамастан, барлық күш құрылымдары қызметкерлері үшін зейнетақымен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін 10 жылдан кем қызметатқарған қызметкерлер бұрын тағайындалған зейнетақы төлемінің мөлшері қайта есептеледі. Ол бұрынғы кірісімен салыстырғанда, толық көлемде ұлғаюы мүмкін. Осылайша, күш құрылымдарының барлық қызметкерлері лайқыты зейнетақы алатын болады.

Осы орайда міндетті зейнетақы жарнасынан бұрын есептеліп жіберілген қаражаттың 50%-ы республикалық бюджетке қайтарылады, сонымен қатар әскерилер пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлем тоқтатылады.

Күш құрылымдарының қызметкерлерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын бюджеттен қайтару жазбаша арыз негізінде жүзеге асырылады. Арызбен қоса жеке куәлік көшірмесі, БҰЗҚ-нан міндетті зейнетақы жарналары туралы анықтама өткізу қажет. Қызметкер арызды зейнетақы жарнасын аударып отырған өкілетті мемлекеттік органға береді (ведомство, территориалды бөлімше және ведомстволық мекеме).

Зейнетақы жарналарының тең жартысы мен есептелген инвестициялық кіріс БҰЗҚ салымшылары болып табылатын күш құрылымдары қызметкерлерінің жеке есепшотында қалады. Жинақталған зейнетақы қаражатының қалған жартысын пайдалану құқығын күш құрылымдарының қызметкерлері зейнетақы заңнамасының жалпыға ортақ нормаларына сәйкес иеленеді.

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған зейнетақы қорлары сақтандыру компаниялары арқылы төленіп келді. Бірақ біл процедура 50%-дың бюджетке қайтарылуына орай тоқтатылды.

ҚР Заңы аясында зейнетақымен қамтамасыз етуге, төлем түрлеріне және кәсіптік қызметтің өзге де мәселелеріне, сондай-ақ сақтандыруға қатысты түрлі кеңестік, ақпараттық көмек қажет болған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс номерлері арқылы кез келген уақытта хабарласуға болады. Сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап беремін.

Құрметпен,

Мансия Ұзақова

Моб. Тел.: 8 705 323 77 60 (WhatsApp), 8 701 770 26 88

E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript