Басты Мәзір

 

1.    Міндетті зейнетақылық аударымдар және зейнетақылық төлемдер
1.1.    2020 жылғы зейнетақылық аударымдардың минималды және максималды мөлшерлері:
Минималды – 4 250 теңге;
1.2.    Жинақталған зейнетақы қаражаты – Салымшының дербес зейнетақылық есепшотында есептелетін қаражаты. Ол міндетті зейнетақылық жарналарды және ерікті зейнетақылық жарналарды, инвестициялық кірісті, өсімақыны және келесімшарттар мен Қазақстан Республикасы заңнамасына  сәйкес өзге де түсімдерді қамтиды.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші 10 % міндетті зейнетақылық жарнаға қосымша еңбекақының 5%-ы мөлшерінде өз қызметкерлеріне аударым жасай бастады. Бүгінгі таңда бұл қосымша жарналар зиянды өндірісте және өмірге қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерге есептеледі. 2023 жылдан бастап зейнетақылық қамсыздандырудың «шартты жинақтық компоненттері» атты жаңа ұғым енгізілетін болады. Аталмыш компоненттің қатысушылары – жұмыс беруші есебінен еңбекақысынан 5% жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын жұмыскерлер болмақ

«БҰЗҚ» АҚ-ынан зейнетақылық төлем алу тәртібі
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес график бойынша МЗЖ мен МКЗЖ есебінен жүргізілетін зейнетақылық төлемдердың жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 ж. 02 қазандағы №1042 Қаулысымен бекітілген Жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру ережелеріне сәйкес есептеледі.

Осылайша келесі шамаларды құрайды:
а)Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға тағайындалған зейнетақы қорынан төлем ақы ай сайын берілетін болдады.Сонымен қатар төлемдер  зейнетақы қорынан  ең төменгі кункөрістің 54 пайыздан төмен болмауы тиіс.
б) Жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру ережелерінің 1 тармағына сәйкес алушының тиісті жас шамасындағы жинақталған зейнетақы қаражатының ағымдық құнының коэффициентіненшығатын жинақталған зейнетақы қаражатының шамасы.

Еске сала кетсек төлемдердің мерзімділігі – жылына бір рет, тоқсан сайын, немесе ай сайын алушының өзі белгілейтіні болған, 2018 жылға дейін.
БҰЗҚ-да жинақталған зейнетақы қоры болған жағдайда белгіленген график бойынша міндетті зейнетақылық жарна (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақылық жарна (МКЗЖ) есебінен БҰЗҚ-дан зейнетақылық төлем алуға келесілер құқылы:
- 63 жасқа толған ерлер,
- 59,5 жасқа толған әйелдер және кезеңдік, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап 63 жасқа толғандар – график бойынша және барлық сома таусылғанша;
- бірінші және екінші топтағы мүгедектер (мерзімсіз) – график бойынша және барлық сома таусылғанша;
- ҚР-нан тыс тұрақты мекендеу орнына (ТМО) шығу –  толық мөлшерде бір мәртелік төлем жүргізіледі;
- салымшы қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерге бір мәртелік тұтас сома төленеді.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап төлемдер ай сайын жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақылық төлемдерге 10% ставкада салық салынады.

ҚР Заңы аясында зейнетақымен қамтамасыз етуге, төлем түрлеріне және кәсіптік қызметтің өзге де мәселелеріне, сондай-ақ сақтандыруға қатысты түрлі кеңестік, ақпараттық көмек қажет болған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс номерлері арқылы кез келген уақытта хабарласуға болады. Сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап беремін.

Құрметпен,
Мансия Ұзақова

Моб. Тел.: 8 705 323 77 60 (WhatsApp), 8 701 770 26 88
E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript