Басты Мәзір

Қазақстан аралас зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Ол ынтымақты және жинақтаушы жүйелерден тұрады. Яғни, 1998 ж 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 айдан артық еңбек өтілі бар адам екі жүйе бойынша да  зейнетақы алады. Ондай еңбек өтілі жоқтар жинақтаушы жүйесі бойынша зейнетақы  алады.

1. Ынтымақты жүйе бойынша зейнетақы төлемінің көзі Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы болып табылады және ол бөлік, өмір бойы төленеді.
2. Жинақтаушы жүйе бойынша төлем көзі – БҰЗҚ, зейнетақы қорынан төлем жинақталған қаражат қоры таусылғанша төленеді.
3. Сақтандыру компаниясы арқылы зейнетақылық аннуитет өмір бойы төленеді, осы орайда барлық жинақталған қаражат БҰЗҚ-дан ӨСК-на аударылады да, клиент өзінің жинақтаған қаражат қорынан өмірлік аннуитет алады.

Қазақстанда зейнет жасы ерлер үшін 63 жас, еңбек өтілі – 25 жыл; әйелдер үшін – 59,5 жас, еңбек өтілі – 20 жыл. 2018 жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғайды. 2027 жылға қарай әйелдер зейнетке 63 жастан шығатын болады.
2020 жылдың 1 қаңтардан бастап зейнетақының минималды мөлшері –38 636теңге, зейнеткерлер үшін базалық зейнетақы мөлшері – 16 839 теңгені құрайды.

Алайда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа ережелер бойынша есептеле басталды. Мұндай зейнетақылық реформа зейнет жасындағы өмір деңгейін арттыруға бағытталған, осы орайда дифференциалды ыңғай қолданыс таппақ. 2018 жылдан бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасы негізінде есептелетін болды.

Осылайша, зейнеткердің еңбек өтілі 10 жылдан төмен болса, оның базалық зейнетақысының мөлшері ағымдық жылдағы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 50%-ын құрайды. Егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, пайыз да жоғары болады. Ең төменгі күнкөріс минимумы деңгейінің 100%-ы көлеміндегі максималды базалық зейнетақыны 35 жыл және одан ұзақ жұмыс істегендер ала алады. Мұндай тактика өмір бойы белсенді еңбек еткендер үшін зейнетақы төлемінің деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Мысалы, 2020 жылы ең төменгі күнкөріс минимумы 31 183теңгені құраған болса, жұмыс істемеген немесе 10 жылдан аз жұмыс өтілі бар адамның базалық зейнетақысы 10 мың теңгеден сәл асады. Ал 35 жылдан астам уақыт еңбек еткендердің зейнетақысы –31 183теңге.
Жеңілдікті зейнетақы алатындар:
-53 жасқа толған, бес және одан көп бала туған және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер;
-1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі аралықта төтенше және максималды радиациялық қауіпті аймақта кем дегенде 10 жыл өмір сүрген тұлғалар;

- жалпы еңбек өтілі 25 жылдан кем болмайтын 50 жасқа толған ерлер;
- жалпы еңбек өтілі 20 жылдан кем болмайтын 45 жасқа толған әйелдер.

Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептегенде келесілер есепке алынады:

1.    Еңбек келісімшарты бойынша жеке және заңды тұлғамен төленетін жұмыс;
2.    Әскери қызмет;
3.    Құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4.    Мемлекеттік қызмет;
5.    Кәсіптік қызмет;
6.    Басқа адамның көмегіне зәру бірінші топ мүгедегін, екінші топтағы жалғызбасты мүгедекті, жасы бойынша зейнетке шыққан зейнеткерді, сондай-ақ 80 жасқа толған қарттарды күтіп-бағу уақыты;
7.    16 жасқа дейін мүгедекті күтіп-бағу уақыты;
8.    Жұмыс істемейтін ананың 3 жасқа толғанға дейін кішкентай балаларын күтіп-бағу уақыты;
9.    Күзет бақылауында, бас бостандығынан айырып, жазасын өтеу жерлерінде өткен уақыт;
10.    Жұмыскерлердің ҰОС қатысқан уақыты;
11.    Бұрынғы кеңестік мекемелердің қызметкерлерінің жұбайларының шекарадан тыс жерлерде өміңр сүрген уақыты;
12.    Офицерлік құрам тұлғаларының әйелдерінің өмір сүрген кезеңдері;
13.    ЖОО-дағы, АОО-дағы оқу мерзімі;
14.    Әскерилендірілген күзеттегі, арнайы байланыс пен тау-құтқару бөлімдеріндегі қызмет.
Жасы бойынша зейнетақы тағайындау үшін қажет құжаттар тізімдемесі:
1.    Жеке куәлік,
2.    Әскердегі қызмет, әйелдер үшін – неке туралы куәлік,
3.    Білім туралы диплом,
4.    Барлық балалардың туу туралы куәліктері,
5.    Еңбек кітапшасы,
6.    Соңғы 3 жылдағы еңбекақысы туралы анықтама, тұтас
7.    Фото 3*4 -1 дана.,
8.    Банк реквизиттері.
Құжаттар тіркеу орны бойынша Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығына өткізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін зейнетақылық төлемге салық салынбайды.

Құрметпен,
Мансия Ұзақова
Моб. Тел.: 8 705 323 77 60 (WhatsApp), 8 701 770 26 88
E-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript