Басты Мәзір

2.    Зейнетақылық аннуитет
2.1.    Зейнет жасына жетпей тұрып жинақталған зейнетақы қорын шығарып алу мүмкіндігі қазір де бар, 55 жасқа толған және одан асқан ерлер мен 51,5 жасқа толған және одан асқан әйелдерде зейнетақы қорында жеткілікті сома болған жағдайда осы мүмкіндік бар. Алайда азамат зейнетақылық ануитетті жасы тым ұлғайған мерзімде алатын болса, зейнетақылық аннуитет сомасы төмендейді. Бұл аннуитеттік факторға байланысты, себебі оны есептеу барысында адамның өмір сүру ұзақтығы ескеріледі. Осы орайда зейнетақылық аннуитетті жасаса отырып, адам жұмысын істеп, зейнетақы қорына қаражат жинауды жалғастыра береді.

    Зейнетақылық аннуитет келесімшарты зейнетақы төлемдерін өмір бойы жүзеге асыруға бағытталған. Зейнетақылық аннуитет келесімшартына сәйкес сақтандыру компаниясы төлемдердің жыл сайын 5%-ға ұлғаятынына кепілдік береді. Бұл жерде компанияның қалай жұмыс істегені маңызды емес, кіріс ставкасы өзгертілмей, адамға өмір бойына кепілдендіріледі. Зейнетақы қорының салымшыларының сақтандыру компанияларына ақша аударуы жыл өткен сайын артып келеді, әсіресе «Nomad-Life» ӨСК АҚ-на аударылатын қаражат көлемі артып келеді. «Nomad-Life» өмірді сақтандыру компаниясы анниутеттік сақтандыру санатындағы сақтандыру сыйақыларын жинау бойынша 1-орынға ие. Сақтандыру сыйақысының көлемі 50,800 млн.тенгені құрайды. Бұл –Қазақстан Республикасындағы өмірді сақтандыру компанияларының ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша жалпы қаражат жинау 70,8 %-ы.Бұл мәліметтерлі ҚР Ұлттық банкінің сайтынан көруге болады: http://www.nationalbank.kz/.

    «Nomad-Life» ӨСК АҚ-ның акционері «Nomad» тобы болып табылады, 2008 жылдан бері «Nomad-Life» ӨСК АҚ көшбасшы болып келеді, ол нарықта Қазақстан Республикасында сақтандыру бойынша «Қызметтердің жоғары сапасы үшін» үздік компания ретінде танылған. Мұндағы негізгі критерийлер – сенімділік, тұрақтылық, сапа мен кепілдік, жылдамдық пен тиянақтылық.
Зейнетақылық аннуитет келісімшарты бойынша аннуитеттік төлемдер алушының (клиенттің) таңдауы бойынша – ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет төленіп отырады.

Төлем мөлшеріҚР Ұлттық банкімен бекітілген әдістеме бойынша актуарий негізінде есептеледі, осы орайда клиенттің жинақталған зейнетақы қоры, жас шамасы, жынысы, өмірінің шегіне жету көрсеткіштері ескеріледі.
ҚР тыс жерлерге ТӨМ-не (Тұрақты өмір сүру мекені) қоныс аударған жағдайда, аннуитеттік төлемдер зейнетақы аннуитеті келісімшартында көрсетілген есепшотқа төленетін болады.
Зейнетақылық аннуитет келісімшартын жасаса отырып, клиент кепілдік мерзімін белгілей алады. Бұл мерзім бойында клиент қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлеріне сақтандыру компаниялары төлем төлеп тұруға міндетті.
Кепілдік мерзімін клиент өз еркімен анықтайды және ол максималды мөлшерде 1 жылдан 30 жылға дейін болуы мүмкін.

Өмірді сақтандыру бойынша компаниядан төлем алудың зейнетақы қоры алдындағы негізгі пайдасы:
1.    Жинақталған зейнетақы қорын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі;
2.    Сақтандыру компаниясынан өмір бойы төлем алып тұру;
3.    Жыл сайынғы индексацияның кепілдендірілген 5%-ы;
4.    Зейнет жасына жеткен клиентте өмір бойлық төлемдердің екі көзі болады: мемлекеттен (МЗТО) және сақтандыру компаниясынан;
5.    Зейнетақы қорында қосымша түзілген төлемдер – сома таусылғанға дейін.

Сайтымыздың  аса құрметті тұтынушысы!

«Зейнетақылық аннуитет» бағдарламасы, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы бойынша, 59. Сақтандыру компанияларынан төленетін сақтандыру төлемдері бабына сәйкес, «тұлғалар – 55 жасқа толған ерлер, 51,5 жасқа толған әйелдер (осы Заңның 31 бабының 1 тармағының 3 тармақшасы) сақтандыру ұйымымен міндетті зейнетақы жарнасы есебінен түзілген жинақталған зейнетақы қорын пайдалана отырып, өмір бойы сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде келісімшартқа отыруға құқылы».

Зейнетақылық аннуитет қызметін пайдалану оңай, ерлер 55 жасқа толғанда және әйелдер 51,5 жасқа толғанда бар болғаны өздерінің жинақталған зейнетақы қорларын сақтандыру компаниясына аударады. Бір ғана шарт: жинақталған зейнетақы қоры ерлер үшін 10 700 000 теңгеден, әйелдер үшін 14 800 000 теңгеден кем болмауы тиіс. Белгілі бір мерзім өткенде зейнетақы қорынан жүргізілетін төлем тоқтатылады, ал өмірді сақтандыру компаниясының төлемі өмір бойы төленеді.

Сондай-ақ ӨСК-ның төлемі зейнетақы қорының төлемінен 2 есеге жоғары болады.
Зейнетақылық аннуитет келісімшарты өмір бойлық болғандықтан, өз күшін жоғалтпайды, ол бойынша төлемдер келісімшартта көрсетілген графикке сәйкес төленеді. Төлемдер бойынша сома жыл сайынғы индексация есесінен сол уақытқа дейін біршама жақсы эквивалентке жетуі мүмкін. Бұған қоса, Сіздің мемлекеттен мемлекеттік зейнетақы төлемін алып тұруға толық құқығыңыз бар.

Сақтандыру компаниясына ауысқанға қарамастан, БҰЗҚ есепшоты жабылмайтынын еске салғымыз келеді, еңбекақыдан аударымдар болған жағдайда, алдағы 8 жылда (9,5) Сіз тағы біршама сома жинақтай аласыз, ол  соманы Сіз аннуитет келісімге қайта толтырұға мұмкіндігініз бар, немесе зейнетке шыққанда  бірінғай зейнетақы қорынан бөлек төленетін болады.

Сонымен, зейнетке шыққан уақытта Сіз өзіңізді бірнеше кіріс көзімен қамтамасыз ете аласыз:
1.    Өмірді сақтандыру компаниясынан төлем– өмірлік төлемдер;
2.    МЗТО төлемдері – өмірлік төлемдер;
3.    БҰЗҚ төлемдері – таусылғанға дейін;

Сақтандыру компанияларының қызметін реттеуші ҚР Ұлттық банкі болып табылады, сақтандыру компаниялары лицензиядан айырылып қалмау үшін оның нормативтерін мүлтіксіз орындауға міндетті. Сонымен қатар сақтандыру компаниялары «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» Заңдары мен ҚР Азаматтық кодексі негізінде жұмыс істейді.

Зейнетақылық аннуитетті есептеу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:
8705 323 77 60, 8701 770 26 88